1.4 Қазақстанның өндірістік жылу энергетикасының құрылымы мен болжамдары
Қазақстанда электр энергиясының 85% жылу электр станцияларында өндіріледі (ЖЭС). Олардың негізгі бөлігі қазандық қондырғылары болып саналады, бұлар бугенераторы үшін буды өндіреді. Келешекте егер қуатты су электр станциялары (СЭС) мен атом электростанциялары (АЭС) толығырақ зерттеліп салынса, «отын электр энергиясы»-ның үлесі азаюға тиіс, бірақ кем дегенде 80%-ды құрамақ. Еліміздің отындық балансында аймақтық жылу электр станциялары 15%-ды құраса, ал өндірістік желіні есептегенде шамамен 25%-ды құрайды. Одан үлкен отын көлемін: 35%-ы, өндірістік орындар өндіріс жұмысы үшін пайдаланады. Ал қалған 40%-ы әр түрлі көлік пен коммуналды шаруашылықтарға жұмсалады. Егер су мен теміржол көлігінде, коммуналды шаруашылықта бу қуатты қондырғылар барын есептесек, мемлекетімізде өндірілетін отынның кем дегенде 55-60% түрлі пештерде жанып кететіні мәлім [4].
Қазақстан қазіргі кезде және болашақта алғашқы энергетикалық қормен өзін өзі қамтамасыз етіп сыртқа сатуға шығара алатын елдердің қатарына жатады, бірақ ондай елдер дүние жүзінде көп емес. Жердің құрғақ аумағының 1,8% алып жатқан біздің Республикада дүниежүзілік отын қорының 0,5%-ы шоғырланған, ол 30 млрд.т.ш.о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығына 13%, табиғи және ілеспе газға 7% келеді, ол 1.1-суретте көрсетілген.
Мұнай (13 %) Газ (7 %)

Көмір (80%)
1.1 - сурет. Қазақстанның органикалық отын қоры
Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі жеткілікті толық пайдаланылмай отыр. Мысалы, 1993 жылы өзіндік өндіру арқылы Қазақстан электр энергиямен 90%, мазутпен 87%, бензинмен 86%, дизельдік отынмен 74%, табиғи газбен 42% қана қамтамасыз етілді. Бұл жағдай бұрынғы ССРО-ғы Республика халық шаруашылығын сол Республика мүддесімен санаспай бір орталықтан жоспарлаудың салдары.
Отын - энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы біркелкі емес: көмірдің негізгі қорлары Қазақстанның Солтүстік және Орталық бөлігінде шоғырланған, Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле қоңыр көмір кені мен бірнеше ұсақ газ және көмір кендері бар.
Негізгі суэнергетикалық қорлар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.
Зерттелуі және өнеркөсіптік пайдалануға дайындығы бойынша отын - энергетикалық қорларын мына категорияларға бөледі:
А — барланған және өндіруге дайындалған (өнеркәсіптік өндірілетін);
В — өнеркәсіптік өндіруге дайындалған (геологиялық негізделген, салыстырмалы барланған және шекарасы белгіленген, алдын ала өндірілген);
С1 — геологиялық зерттеу негізінде анықталған (бұрғылап барланған);
С2 — геологиялық болжау негізінде анықталған.
Үш категорияның А+В+С, қосындысы кеннің өнеркәсіптік қоры болады, ол отын - энергетикалық кешеннің дамуын болжағанда есепке алынады.